«Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандум: Су басқан ауыл тұрғындарына қалай көмектесуге болады

Олар құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдарға суды сорып, су басып қалған жолдарды тазалап, топырақ тастауға көмектеседі.

Malim Админ

  • 13.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша кездесу Туризм және спорт министрлігінің қабырғасында өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шараға қоғамдық бірлестік өкілдерінен грек-рим күресінің балуаны Асхат Ділмұхамедов, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Василий Тахтай, «Qazaq Kuresi» Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов, «Дала қырандары» ЖҚБ директоры Мәди Рымжанов, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов қатысты.

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша спортшылардың еріктілер қатарына қосылуын талқылау барысында «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі мен Туризм және спорт министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ең алдымен, қазіргі қиын кезеңде көрсеткен ізгі амал, жақсы ниет, қажырлы еңбек үшін сіздерге алғыс айтқым келеді! Біз сіздермен мақтанамыз және ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз. Кәсібиліктеріңізді әрқашан жоғары бағалаймыз. Сіздер төзімділіктің, ақкөңілдіктің және ерлерге тән қасиеттің жарқын үлгісін көрсетіп жүрсіздер, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, спорт қауымдастығы «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі өкілдерімен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетуде. Сонымен қатар олар құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдарға суды сорып, су басып қалған жолдарды тазалап, топырақ тастауға көмектеседі.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

07.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

26.04.2025

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

25.04.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

Ол — еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Қазспорттың» тұңғыш директоры болған

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

Құтқарушылар ел солтүстігіндегі бөгеттерді нығайтып жатыр

Су тасқыны: Солтүстіктегі ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде