«Досаев, кет!» Алматы әкімдігі митинг өткізуге келісім берді

Алматы қаласы әкімдігі әкімдерді сайлауды талап ететін митинг өткізуге келісім берді. Ақпаратты қалалық Ішкі саясат бөлімі растады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 04.02.2022

Бастапқыда белсенділер митингті қала әкімдігі алдындағы алаңда өткізуді жоспарлаған. Алайда митинг өткізуге келісім берген әкімдік хабарламасында оның орны өзгертілген. Митинг 5 ақпанда Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткіші маңында өтеді. Белсенділер әкімді халық таңдауы керек деген талап қойып отыр. Әлеуметтік желілерде митингтің «Досаев, кет!» деген ұраны тарап жатыр.

Оқи отырыңыз: Чем известен новый аким Алматы Ерболат Досаев

Айта кетейік, 3 ақпанда қала әкімдігі Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болғандарды еске алуға арналған қаралы митинг өткізуге келісім бермей, себебін қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты деп түсіндірген.

Оқи отырыңыз: Петициялардың пәтуасын кім шығарады?

Қаңтардағы қайғылы жағдайдан кейін Алматы тұрғындары қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа қарсы петицияға қол жинап, Тоқаевтың бұйрығымен ол басқа жұмысқа ауыстырылған. Ал оның орнына бұрынғы Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевты тағайындаған. Алайда Досаевтың кандитурасы да тұрғындарға ұнамай, оған қарсы петиция жарияланған.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды