Елімізде 800-ден аса мемлекеттік ұйым арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді

Бүгін елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

Мәди Саматұлы

  • 27.10.2024

Дәстүр бойынша қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталы өтеді. Биыл мереке 27 қазанға келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 35 мың маман жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер бар. Республика бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны 12 704 адамды құрайды, оның 1 251-і үкіметтік емес секторда жұмыс істейді.

Қазақстанда 830-ға жуық мемлекеттік ұйым АӘҚ көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бар. Сондай-ақ, еліміз бойынша 184 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер 8 қызмет түрін көрсетеді, атап айтқанда: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылардың жасын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ тұру жағдайларын ескере отырып, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тағайындалады.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Байланысты жаналықтар

КСРО дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус беріледі - жалған ақпарат

28.10.2024

Жәрдемақы туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

19.09.2024

ШҚО шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды

01.09.2024

Қазақстан азаматтары енді Кореяда жұмыс істей алады

21.06.2024

Биыл 2800 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

26.03.2024

Әр балаға жәрдемақы енгізілетіні туралы ақпарат – фейк

06.03.2024
MalimBlocks
КСРО дәуіріндегі құжаттарды сақтағаны үшін бонус беріледі - жалған ақпарат

Әлеуметтік желілерде КСРО дәуіріндегі құжат бейнеленген хабарлама тарап жатыр

Жәрдемақы туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

Хабарламада 1949 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта туғандарға 70 000 теңге мөлшерінде төлемақы берілетіні көрсетілген

ШҚО шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды

Комиссия құрамына бірнеше мекеме өкілі кірді

Қазақстан азаматтары енді Кореяда жұмыс істей алады

Еңбек министрлігі арнайы құжат әзірледі

Биыл 2800 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн аса этникалық қазақ оралды.

Әр балаға жәрдемақы енгізілетіні туралы ақпарат – фейк

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.