Енді елімізде баласы жоқтарға салық салынуы мүмкін

Мұндай тәжірибе Кеңес одағы кезінде енгізілген еді.

Сабина Асқарқызы

  • 22.01.2025

Қазақстанда бала жоқ адамдарға салық салу мәселесі қайта қарастырылып жатыр. Сарапшылар мұндай шараның орнына мемлекет бала тәрбиесіне арналған жағдайларды жақсартуға баса назар аударғаны жөн деп санайды. Бұл «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасай отырып Malim.kz хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек қазақстандықтардың некеге тұру мен ата-ана болуды кейінге қалдырып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Қазіргі таңда материалдық құндылықтар моральдық құндылықтардан басым түсіп барады, өйткені отбасының басты міндеті – ұрпақ әкелу және оны тәрбиелеу, рухани мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Үйленіп, балалы болу уақытында жүзеге асуы керек. Қазақстандық қыздардың ана болудан бас тартуы, тек өздері үшін өмір сүруді таңдауы бізді алаңдатуы керек, деді депутат Болат Керімбек.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай салықтық шаралар жастардың елден кетуіне әкелуі мүмкін. Оның орнына бала мен отбасының өмір сүру сапасын арттыруға көңіл бөлу қажет деп санайды демографтар.

Одан да балалардың жағдайы, мектепке дейінгі білім беру орындары, балабақшалар мен қосымша білім беру мекемелері, орта және жоғары білім беру жүйесі, жастарды жұмыс орындарымен қамту мәселелері қарастырылғаны жөн, деп пікір білдірді «Цифрлық әлеуметтік зерттеулер» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Жанна Әубәкірова.

Фото: Freepik

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

16.04.2025

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

14.04.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ажырасқан ерлі-зайыпты: баламен қарым-қатынас жасаудың жаңа ережелері бекітілді

Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауды шешудің бірыңғай тәртібі енгізілді

6 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті