Есірткі сақтаған Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды

Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды

Malim Админ

  • 30.09.2024

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады.

«2023 жылдың маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті басқарған автокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 "мефедрон" байламдары табылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған», — деп жазды Бас прокуратура.

Ағымдағы жылдың қаңтарында күдікті Грузия аумағында ұсталды. 

Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Айыпталған қылмысы үшін 3 жылдан 7жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

30.04.2025

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

26.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

АҚШ-тан келген сәлемдені алған қазақстандық сотталды

Полицейлер бір айда 13,5 кг синтетикалық есірткі тәркіледі

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды