Ферроқорытпа зауытында жарақат алғандардың бесеуінің жағдайы өте ауыр

Ал полиция оқиға бойынша іс қозғаған

Арман Қайыпхан

  • 20.07.2024

Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы оқыс жағдайдың кейін күйік шалған 8 қызметкер Х. Мақажанов атындағы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Malim.kz.

«Индустриальная Караганда» басылымының жазуынша, облыстың денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендер жайлы хабар таратқан. Хабарламаға қарағанда, алтауы жансақтау және қарқынды терапия бөліміне, екеуі комбустология бөліміне жатқызылған. Зардап шеккендердің бесеуінің жағдайы өте ауыр, екеуі ауыр, бір науқас орташа ауыр деп бағаланады.

Зардап шеккендерді тиісті мамандар қарады. Қосымша тексерулер жүргізілді. Барлық қажетті ем-домды толық көлемде алады, деп мәлімдеді облыстың Денсаулық сақтау басқармасы.

Ал облыстың полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиға бойынша ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі, яғни, «абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, мұның алдында аталған зауытта штаттан тыс жағдай болып, кенеттен шыққан жалынның салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы түрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. 

Фото: pro-palliativ.ru

Байланысты жаналықтар

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

25.04.2025

Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: 150-ден астам адам жарақат алды

23.04.2025

Тағы бір сәби көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

22.04.2025
MalimBlocks