Ферроқорытпа зауытындағы апат: құтқарушыларға хабар екі сағаттан кейін түскен

Оқиға таңғы сағат 4:10 кезінде болған.

Берік Дәулетов

  • 30.07.2024

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы апат туралы хабар құтқарушыларға екі сағаттан кейін ғана түскенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл жерде негізі оқиға таңғы сағат 4:10 кезінде болған. Бірақ, өкінішке қарай, ол хабар бізге 18:08 минут кеткенде түскен. Былайша айтқанда, екі сағаттан кейін түсіп отыр. Ол біздің азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келеді. Біздің күш-құралдар ол жерге санаулы минуттарда жетті. Өкінішке қарай, сол мекеменің қызметкерлері біздің құтқарушыларды ол жерге кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға қазір әкімшілік шара қолданылып, әкімшілік іс қозғалды, – деді Бауыржан Сыздықов.

Сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан мекемелердің бәрі төтенше жағдай болған кезде өзінің аумағына құтқару күш-құралдарын кіргізуге міндетті екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында апат болып, бірнеше жұмысшы жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді

05.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Алматыда жер сілкінді

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды