ІІМ мектеп түлектері мен ата-аналарға ескерту жасады

25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты өтеді.

Malim Админ

  • 20.05.2024

Ішкі істер министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты өтеді. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараны қабылдайды.

Ішкі істер министрінің тапсырмасымен әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар шара өтетін орындарға барынша жақын болады. Соңғы жылдар байқағанымыз, мектептерде «соңғы қоңырау» аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлек іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады, - деп ескертті ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Мәселен, былтыр мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында тіркелді.

Одан бөлек, балалар тыйым салынған жерлерде суға түседі. Өткен жылы Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарында жасөспірімдер суға кеткен болатын.

Ішкі істер министрлігі осыны ескеріп, ата-аналар мен түлектерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102-ге, ал төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025
MalimBlocks
Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады