Майқайыңдағы апат: Соңғы құтқарушының денесі табылды

Оның денесі 75 метр тереңдіктен көтеріліп, жедел-тергеу тобына берілді

Арман Қайыпхан

  • 25.07.2024

Бүгін "Мақайың-алтын" АҚ тау-кен аумағындағы шұңқырға құлап түскен автобус жүргізушісінің денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сөйтіп, қайғылы жағдайда қаза тапқан төрт құтқарушының барлығының да мәйіті жоғарыға шығарылды.

Бүгін сағат 16.20-да іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде соңғы құтқарушы - жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылып, сараптама жүргізу үшін жедел-тергеу тобына берілді. Айта кетейік, 19 шілде күні Айдос Шаймерденнің денесі, кеше кешкісін автобус бөлшектері анықталған еді. 

"4 қаңтар күні Майқайың кенішінің жанында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС құтқарушылары отырған автобус құлап кеткен болатын. Осы қайғылы оқиғадан кейін 7 ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қаза болған жандардың туыстары сияқты біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық. Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға иман байлығын берсін", - деп жазды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов. 

Айта кетейік, кеніштегі іздеу жұмыстары 13 мамырда қайта жанданған болатын. Бүгін Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті күштері мен құралдарының тобы да іске қосылды. Соның барысында экскаватормен қазу кезінде бүгін сағат 16.05-те 75 метр тереңдіктен құтқарушы, автобус жүргізушісінің денесі анықталған. 

Құтқарушыларды іздеу жұмыстарына әр түрлі мамандар мен сарапшылар, тау-кен ісінің ардагерлері, кинологтар, арнайы техника мен дрондар тартылып, өңірдің барлық авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылған болатын. Бұл ретте аймақ басшысы жоғалған адамдарды табу үшін күндіз-түні жұмыс істеген барлық жанға алғыс айтты. 

Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстарға әр түрлі қызметтің 200-ден астам қызметкері жұмылдырылып, 180 мың тоннадан астам тау массасы шығарылды. Бұл өз кезегінде шағын экскаваторды төменге түсіріп, автобустың болжамды орнына жетуіне жағдай жасады. Құтқарушылар болса қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұр. Бралық талапты сақтай отырып, төменге жанар-жағармай, маркшейдер мамандарға тағам түсіріп, табылған заттарды жоғарыға шығарды. Метал іздеуші құралдармен, гееосканер, магнитометр көмегімен тұрақты түрде сканерлеу жұмыстары жүргізілді. Іздеуге кинологиялық құрам да тартылған еді.

Фото: ТЖМ 

Байланысты жаналықтар

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

18.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025

Белгілі тамада анасы қайтыс болған күні той басқарғанын айтты

28.04.2025

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты 205 млн теңгеге сатылды

27.04.2025

Астанадағы министрліктің үйінің маңында ер адамды көлік қағып кетті

25.04.2025
MalimBlocks
Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

Белгілі тамада анасы қайтыс болған күні той басқарғанын айтты

Ол әкесінен рұқсат алған.

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты 205 млн теңгеге сатылды

Астанадағы министрліктің үйінің маңында ер адамды көлік қағып кетті