«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

Бишімбаев ісіндегі прокурорлар мен адвокаттар көптің алғысын алып жатыр.

Сабина Асқарқызы

  • 15.05.2024

Қуандық Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова соттан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Прокурор Айжан Аймағанова көпшіліктің ықыласына бөленіп, халықтың алғысын алып жатыр. Дегенмен, оның айтуынша, алғыс алуы тиіс тағы бір адам бар. Аталған қылмыстық істі ашуда тергеуші Әлима Жамалиеваның еңбегі орасан екені белгілі болды.

Тергеу қалай өткенін айта алмаймын, өйткені мен бұл іс бойынша процессуалдық прокурор болған жоқпын. Бірақ бұл жерде өз ісінің кәсіби маманы, тергеуші Әлима Жамалиеваның атқарған рөлі зор екенін айта кеткен жөн. Ол өте жоғары деңгейде тергеу жүргізді. Оған өзінің лайықты бағасын беру керек. Ол мемлекеттік айыптаушылардан да көп құрмет пен мақтауға лайық, - дейді Айжан Аймағанова.

Сондай-ақ прокурор сот отырысын ұйымдастыру ісіне тоқталды.

Сот жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстан тарихында тікелей эфирде бірінші рет көрсетіліп жатқанын ескерсек... Ескеретін тұстар аз емес еді... Барлық сәттер, қайда, қалай сөйлер едік. Барлық дүниеге мұқият қарау керек болды. Сот отырысының өзі кәсіби жоғары деңгейде өтті, - дейді Айжан Аймағанова tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Мемлекеттік айыптаушы алқабилердің үкіміне ешқандай қарсылық танытпады.

Ол айыпталушының осы жазаға әбден лайық екенін атап өтті.

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды