Орал әкімдігінің қызметкері әйеліне пәтерді кезексіз алып берген

Қазір Оралда тұрғын үй кезегінде 21 мыңнан астам адам тұр

Арман Қайыпхан

  • 30.07.2024

Оралда мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру мәселесі бойынша дау шықты, деп хабарлайды Malim.kz “Орал апталығы” басылымына сілтеме жасап.

2023 жылдың 13 шілдесінде Альмира Қарасаеваның Строитель шағын ауданындағы 39/3 мекенжайында орналасқан бір бөлмелі пәтерді алу туралы өтініші 6 күнде қаралды. Ол – әділет басқармасының қызметкері әрі сол уақытта ТКШ секторын басқарған Әлихан Мыңжасаровтың әйелі.

Әдетте үй алу үшін азаматтар бірнеше ай бойы жүреді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазір Оралда тұрғын үй кезегінде 21 мыңнан астам адам тұр. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен адамдар, көпбалалы отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері де бар.

Ал Альмира Қарасаеваның өтініші 6 күнде – 2023 жылдың 19 шілдесінде қаралды. Өтінішке сол кездегі ТКШ бөлімінің жетекшісі Азамат Халелов қол қойған. Келісімді әкімнің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев бекіткен. Өтінішті орындаушы сол уақытта ТКШ секторын басқарып отырған Әлихан Мыңжасаров болған, ол Альмира Қарасаеваның заңды жұбайы еді. Ал Қарасаева өтінішке өзінің жұбайы туралы ақпарат қоспапты.

Кейін Альмира Қарасаева Әлихан Мыңжасаровпен ажырасқанын хабарлады.

Еске сала кетсек, нарықта пәтердің бағасы 13,5 миллион теңгеден жоғары бағаланады.

Фото: dom.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Енді сарбаздардың психикалық жағдайы жасанды интеллектімен тексеріледі

16.05.2025

Астанада пранк жасап, жұртты шошытқан блогерлер қамауға алынды

16.05.2025

Перуашев КазТАГ мақаласына қатысты павлодарлық шенеуніктердің мәлімдемесін орынсыз деп атады

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

«Ломтадзе, халықтың алдына шық!»

15.05.2025
MalimBlocks