Орал қаласының маңындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға 400 адам қатысты

Бұл жұмыстарды жүргізуге бірлестікке Туризм және спорт министрлігі бастаған еліміздің белгілі спортшылары және БҚО-ның түрлі спорт түрлерінің өкілдері қосылды.

Malim Админ

  • 17.04.2024

«Дала қырандары» жастар бірлестігі Батыс Қазақстан облысының аумағындағы елдімекендерді табиғи құбылыстардың теріс әсерінен қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл жұмыстарды жүргізуге бірлестікке Туризм және спорт министрлігі бастаған еліміздің белгілі спортшылары және БҚО-ның түрлі спорт түрлерінің өкілдері қосылды.

Спортшылардың осы акцияға қатысуы ынтымақтастық, командалық рух және басқаларға көмектесу сияқты спорттық құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді. 

Қазіргі уақытта Орал қаласына Серік Сәпиев, Бейбіт Ыстыбаев, Данияр Елеусінов, Сергей Цырульников, Ербол Хамитов, Асхат Ділмұхамедов, Алматы Кебіспаев, Василий Тахтай, Фируза Шәріпова және т.б. танымал спортшылардан құралған алғашқы эшелон Зачаганск елді мекеніндегі бөгетті нығайту жұмыстарына атсалысуда. Жергілікті тұрғындарға көмекке 400 адам жиналды. Олар - ММА, грек-рим және еркін күрес, грэпплинг, футбол, футзал және т.б түрлі спорт түрлерінің өкілдері.  

Еске салсақ, «Дала қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын. Қырандар аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді.

Ал 3 сәуір күні біз Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектестік. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесуден бөлек, біз қайырымды азаматтар жіберген дүниелерді сол жерде сұрыптап, еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиедік. 9 сәуірде Тайтөбе кенті тұрғындарына көмек қолын создық. Ал 10-ынан 11-інші сәуірге қараған түні қозғалыс қатысушылары Жібек Жолы ауылы тұрғындарының өтініштері бойынша жергілікті бөгетті нығайту жұмыстарына атсалыстық, - дейді «Дала қырандары» жастар бірлестігінің өкілдері.

Фото: «Дала қырандары» ЖҚБ

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2025

Ақтөбеде аудан халқының қайықпен қатынаудан басқа амалы қалмады

16.03.2025

Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

12.03.2025
MalimBlocks
Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Ақтөбеде аудан халқының қайықпен қатынаудан басқа амалы қалмады

Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті