Павлодар облысында шенеуніктер 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.

Malim Админ

  • 04.05.2024

Павлодарда 90 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырған бес экс-шенеунік сотталды, деп хабарлайды Malim.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.

Соттың Facebook-тегі ресми аккаунтында жарияланған ақпарат бойынша, кеше, яғни 3 мамырда Павлодар қаласының № 2 соты аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша А.Г., М.А., Б.А., Ж.А. және А.А. адамдар тобына қатысты қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте қарады.

2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде Павлодар қаласы әкімдігінің және Павлодар ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері А.Г., М.А., Б.А., Ж.А., А.А., қызметтік бабын пайдалана отырып, мүгедектердің жеке көмекшілерінің жұмысы үшін заңсыз ақы төлеу арқылы бюджеттен 89 миллионнан астам теңгені жымқырған, - дейді сот өкілдері.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген. Сот мына жайттарды ескерген: кінәсін толық мойындау; шын ниетпен өкіну; іс бойынша келтірілген залалды ерікті түрде өтеу; А.Г., А.А., Ж.А., Б.А.-ның жас балаларының болуы; М.А.-ның айыбын мойындап келуі; қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді көмек көрсетуі; тұрғылықты жері бойынша жағымды сипатталулары.

Сот қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін айтарлықтай төмендететін, осы аталған жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, кінәлі тұлғаларға Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігі негізінде әртүрлі мерзімге 3 жыл 6 айдан бастап 5 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады, - делінген сот хабарламасында.

Сотталғандарға жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау, мәжбүрлі еңбекке тарту және міндеттер белгіленген. Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Сотталған Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды