Павлодарлық полицейлер суицид жасамақ болған адамды құтқарып қалды

Ол адамның туыстарымен жанжалдасып қалғаны білгілі болды

Мәди Саматұлы

  • 29.06.2024

Павлодарда полиция қызметкерлері суицид жасамақ болған тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, 29 маусым күні сағат 03:40 шамасында «102» желісіне Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 91 үйдің 8-қабатының балконында ер адамның асылып тұрғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел жеткен.

Олар барғанда ер адамның 8-қабаттың балконында асылып тұрғанын көрген. Полицейлер бірден жоғарыға көтеріліп, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге пәтердің есігін ашып, балконға өткен. Полицейлердің бірі төмен түсіп, ер адамды бірге жоғары шығарған. Оқиға кейіпкері болған оқиғаны түсіндіріп айтып беретіндей жағдайда болмаған. Ал тәртіп сақшылары онымен жақын тілдесіп, жақындарына керек екенін айтып, психологиялық қолдау білдірген.

Артынан белгілі болғаны, ол кісі мұндай әрекетке туыстарымен жанжалдасып қалғаннан барған екен.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды

02.05.2025
MalimBlocks
Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Талғар ауданында атыс болды

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Жоғалып кеткен қыз зират басынан табылды