Қай өңірде неке көп тіркелген?

Ұлттық статистика бюросы қай өңірде көп неке тіркелгенін ұсынды

Сұлу Бөлек

  • 15.04.2025

Ұлттық статистика бюросы қай өңірде көп неке тіркелгенін ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді. 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13. Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада – 7,34, Алматы облысында – 6,98 және Ұлытау облысында – 6,70. Ең азы-Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58 құрады.

Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды. Жалпы қиылған некенің 18,2% – аралас неке.

Некеге тұрған қыздардың 41% жоғары білім болған, ерлердің 38% ЖОО-да оқыған.

Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – мамырда (8453).

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Биыл 60 бала терезеден құлаған - статистика

21.05.2025

Биыл оқу жылын қанша оқушы аяқтайды?

20.05.2025

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025
MalimBlocks