Қазақстанда Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды

Қызмет құру туралы қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Malim Админ

  • 04.05.2024

Қызмет өртке қарсы іс-қимыл жүйесін нығайту аясында құрылған. Бұл туралы үкіметтің телеграм каналында хабарланды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы жаңа Республикалық азаматтық қорғау қызметі ТЖ кезінде, оның ішінде орман өрттерін сөндіру барысында орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Орман өрттеріне қарсы іс-қимыл ормандарды көбейтуге және ағаштарды кесуге ғылыми тәсілді, сондай-ақ кешенді алдын алу шараларын қабылдау мен тиісті құзыреттерді дамытуды қажет етеді. Бөлек қызмет құру қажеттілігі осындай талаптардан туындап отыр.  

Орман қорын күзету және қорғау қызметінің құрылуы мемлекеттік органдардың алапат орман өрттеріне қарсы күрес шараларын үйлестіруін жақсартуға, тиісті мекемелерді техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру үшін білікті кадрлар құрамын жасақтауға мүмкіндік береді деп күтілуде. 
Фото: Үкімет