Қазақстандықтарға от жағуға қатысты ескерту жасалды

Сұлу Бөлек

  • 27.04.2025

Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі бағбандарға және саяжай иелеріне аумақтарында от жағуға, қоқыс өртеуге және өрт қаупі жоғары жұмыстар жүргізуге тыйым салынатынын еске салды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Министрлік мәліметінше, бұл талап жаңадан енгізілген норма емес. Мұндай шектеу 2006 жылдан бері қолданыста бар және оны бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

"Қазір қолданыстағы 2022 жылы бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 174-тармағына сәйкес құрғақ, ыстық және желді ауа райы кезінде қалаларда, ауылдарда, кәсіпорындарда, саяжай және бақша алаңдарында от жағуға, өрт қаупі бар жұмыстар жүргізуге, көмір, қоқыс, қалдықтар, құрғақ шөп өртеуге, сондай-ақ сұйық, қатты және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін уақытша пештер мен ошақтарды жағуға тыйым салынады", — делінген хабарламада.

Министрлік қолайлы ауа райы жағдайында арнайы белгіленген орындарда және бақылау қамтамасыз етілген жағдайда ғана от жағуға немесе қалдықтарды өртеуге рұқсат етілетінін айтты. Мұндай орындар ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасуға тиіс.

Сонымен қатар, мангал (барбекю, гриль) қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет:

  • ғимараттардан кемінде 10 метр қашықтықта орнату керек;
  • жанында кемінде 10 литр су құйылған ыдыс немесе өрт сөндіргіш болуға тиіс;
  • құрғақ шөптің үстінде, ағаштардың астында және жанғыш материалдардан жасалған навес астында мангал қоюға тыйым салынады.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

24 мамырда ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

23.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025
MalimBlocks
24 мамырда ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Алматыда жер сілкінді

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған