Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс

Сабина Асқарқызы

  • 13.03.2025

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазының аяғын шәкірттері уқалаған видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Діни басқарма бас ұстазға оқиғадан кейін ескерту жасаған.

Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады, - делінген ақпаратта.

Мүфтият көпшілікті мешіт әдебін сақтауға үндеді. ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі мешіт әдебін жариялаған болатын.  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз, - делінген мәлімдемеде.

Бұл оқиғадан кейін өздерін Әбужаппар Смановтың немересіміз деп таныстырған балалар видео мәлімдеме жасады. "Видеоны салудағы мақсатым - атамның уағыз-насихаты емес, немерелерінің құрметін дүйім жұртқа үлгі ретінде көрсету болатын... Атам еш уақытта колледж студенттеріне аяғын уқалатуға рұқсат берген емес. Бұл жерде ешқандай да дүрліктіретін мәселе жоқ" дейді жасөспірім.   

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Даун синдромы бар баланы таяқпен ұрған маман жұмыстан қуылды

14.04.2025

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

13.04.2025

Криштиану Роналду ислам дінін қабылдауы мүмкін – БАҚ

08.04.2025

«Құдай разылығы үшін»: зират қиратты деп күдікке ілінген жігіт өз әрекетін түсіндірді

04.04.2025
MalimBlocks
Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Даун синдромы бар баланы таяқпен ұрған маман жұмыстан қуылды

Оқиға Сарыағашта болған

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады

Криштиану Роналду ислам дінін қабылдауы мүмкін – БАҚ

Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жұлдызы Криштиану Роналду ислам дінін қабылдау туралы ойланып жүр

«Құдай разылығы үшін»: зират қиратты деп күдікке ілінген жігіт өз әрекетін түсіндірді