«Қол-аяғымызды байлап жатыр». Өзбекстандық имамдарға блогер болуға тыйым салынды

Ташкенттік имамдар бұл шешіммен келіспейді.

Сабина Асқарқызы

  • 05.06.2024

Өзбекстанда діни басқарма имамдарға әлеуметтік желіге шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Malim.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Азаттықтың Өзбек қызметінің мәліметінше, 27 мамырда Өзбекстан мешіттеріндегі имамдар әлеуметтік желілерге кірмеу және ондағы жазбаларға "лайк" баспау туралы ескерту алған. Ташкент қаласы бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтың Telegram-да аудандардың бас имамдарына жіберген аудиосы тарады. Онда Рустамов имамдардың желідегі сөздері қатаң бақылауда екенін айтқан.

Сәлеметіздер ме, құрметті аудан бас имамдары! Біздің келесі тапсырмамыз - әлеуметтік желілерге кірмеу. Мұны қатаң түрде бақылаймыз. Қажыға баратындарға да мұның қатысы бар… Әлеуметтік желіде кез келген тақырыпқа "лайк" қоюға болмайды, – деді Рустамов.

Имамдар діни басқарма шешімін олардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту деп санайды.  Өз аты-жөнін айтқысы келмеген Ташкент имамы әлеуметтік желілерге имамдардың шығуын шектеу – ар-ождан бостандығы туралы заңға қайшы деп есептейді.

Олар мұны мүфтидің бұйрығы дейді. Қол-аяғымызды байлап жатыр, – деді ташкенттік имам.

Бұған дейін Өзбекстанда мешіт имамдары мен олардың орынбасарлары жеке паспортын елдегі мұсылмандар діни басқармасы өкілдеріне өткізсін деген пәрмен түскені жөнінде хабар тараған. Мұның себебін имамдардың шетелге кетуіне жол бермеу деп түсіндірді.

Кейінгі күндері имамдарға қатты қысым көрсетіп жатыр. Билік кейбір имам елден кетіп қала ма деп алаңдайды, – деді Азаттық радиосының Өзбек қызметі (Озодлик) сөйлескен адам.

Өзбекстан Конституциясына сәйкес, дін мемлекеттен бөлек. Діни ұйымдар мен конфессиялар қызметі Өзбекстанның "Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы" заңымен реттеледі.

Фото: podrobno.uz

Байланысты жаналықтар

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Қазақстанда адамдардың депозиттеріне шектеу енгізілмек

05.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025
MalimBlocks
Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Қазақстанда адамдардың депозиттеріне шектеу енгізілмек

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды