Қонаевта Жаңа жыл безендіруіне байланысты аудит жүргізіледі

Безендіруге 148 млн 528 мың теңге жұмсалған

Мәди Саматұлы

  • 05.01.2025

Қонаев қаласының эстетикалық безендірілуіне қатысты ақпараттың анық-қанығы тексерілетін болды. Әлеуметтік желі бұл қызметке 148 млн 528 мың теңге жұмсалғаны және қойылған нысандардың техникалық құжаттамаға сәйкес емес екені туралы жазылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі мердігер компанияның тәуелсіз аудиттерге жүгінгенін мәлімдеді. Аудиттің нәтижесіне бойынша кемшіліктер анықталса, әкімдік тарапынан мердігерге қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Қалалық ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің мемлекеттік тапсырысын орындауға портал арқылы «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК таңдалған. Аталған мекеме орталық алаңға шырша, Д.Қонаев ескерткіші маңына 2025 мерекелік жазуын, түрлі ойыншықтар орналастырып, №5 жағажай аумағын безендіріп, саябақ, көпір, қалаға кіреберістегі стела мен аллеяларды жарықтандырған, мерекелік ойыншықтар қойған. Мемлекеттік тапсырысты беру кезінде тек Жаңа жылда ғана емес, жыл соңына дейін нысандардың жарықтандырылып, көрікті болуы есепке алынған.

Ал №5 жағажай туристік тартымдылықты арттыру мақсатында безендірілді. Шағын сәулеттік нысандар «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК балансында қалып, келер жылы да пайдаға асады. Жыл соңында қаланы безендіруге мемлекеттік тапсырыс тек қосымша әрлеу ретінде жасалады, деп жазды қала әкімдігі.

Фото: instagram/qonaev_akimdigi

Байланысты жаналықтар

Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

03.02.2025

Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қыруар былығын жариялады

27.01.2025

Семейде шыршадан мұғалімнің оқиғасына байланысты әкім орынбасары тергеуге алынды

23.01.2025

Алматы мен Қонаев арасында ауыр әскери техника жол апатына ұшырады

15.01.2025

Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі жағдайдың қиын екенін айтты

12.01.2025

Жаңа жыл мерекесінде пиротехникадан 63 адам зардап шекті

05.01.2025
MalimBlocks
Қонаевта оқушылар жабылып ұрып қатарластарын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

Полиция басқармасында іс тіркеліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қыруар былығын жариялады

Қордың 56 млн-ға жуық көрсетілген медициналық қызметі расталмай шыққан

Семейде шыршадан мұғалімнің оқиғасына байланысты әкім орынбасары тергеуге алынды

Алматы мен Қонаев арасында ауыр әскери техника жол апатына ұшырады

Бұл осы жолдағы бүгіндікке екінші ірі жол апаты

Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі жағдайдың қиын екенін айтты

Бірақ міндетті түрде қасына күтіп отыратын адам керек.

Жаңа жыл мерекесінде пиротехникадан 63 адам зардап шекті

Оның 20-сы бала