Қостанай облысында су тасқыннан зардап шеккен 57 отбасыға жаңа үй берілді

Арман Қайыпхан

  • 19.07.2024

Үш айдың ішінде Қостанай облысында 57 отбасы үшін тұрғын үй салынды, тағы 315 отбасы үшін үйлер мен пәтерлер сатып алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жөндеуді қажет болған 815 үйді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Арқалықта салынып жатқан көппәтерлі үйдің құрылыс барысын және мердігерлердің жұмысын тексерді. «Базис А» компаниясының қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үй 50 отбасына арналған. Сондай-ақ вице-премьер Арқалық ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

Жангелді ауданының Көлкамыс ауылында 19 үй салынып жатыр. Үйлер «Қазақстан Халқына» қоры есебінен салынып, шілде айының соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал Жангелдин ауданының Тауыш ауылында су тасқынынан зардап шеккен барлық 22 отбасы бүгін қоныстой тойлады.

Сондай-ақ жаңа тұрғын үйдің кілтін Қостанайда 14 отбасы алды. Салтанатты жиында Қанат Бозымбаев пәтер иелерін құттықтап, оларға төзімділік пен шыдамдылық танытқаны үшін тағы да алғыс айтты. Тұрғын үй «Көмек Кст» қорының, өңірді қалпына келтіруге өлшеусіз үлес қосқан бизнес пен бейжай қалмаған қазақстандықтардың қаражатына салынды.

«Су кетіп, қиын жағдай болды. Үйіміз құлап, жөндеуге жарамай кетті. Шын айтсам, толқынып тұрмын. Сөйлеуге жүрегім ауырып тұр. Өте қуаныштымыз. Ескі үйіміз саманнан болган, 18 жыл тұрдық. Жаңа үйіміз керемет, үлкен, үш бөлмелі. Барлығыңызға рақмет!», — деп бөлісті Қостанай қаласының тұрғыны Сапарғали Ибраев.

«Біз жолдасым екеуміз 40 жылдай ескі ағаш үйде тұрдық. Оны ата-анамыз салған болатын. Жаңа үймен, әрине, салыстыруға болмайды. Үйдің құрылысын бірінші күннен бақылап, сырттан қарап жүрдік. Президентімізге қысқа уақытта бізге үй беріп, барлық жағдай жасағаны үшін алғысымыз шексіз», -— деп қуанышымен бөлісті Қостанай тұрғыны Любовь Оганова.

Қостанай тұрғындарымен бірге қоныстойын Алтынсарин ауылының тұрғындары да атап өтті. 21 үйдің кілтін «Қазақстан Халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева табыс етті.

Өңірде су тасқыны салдарын жою жалғасуда. Қанат Бозымбаев Алтынсарин ауылындағы жөнделген тұрғын үйді аралап, бизнесі зардап шеккен жергілікті кәсіпкерлермен және тұрғындармен кездесті.

Вице-премьер Қостанай ауданындағы Тобыл қаласындағы бөгетке жүргізіліп жатқан күрделі жөндеудің  сапасын тексерді.

Қостанай облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев жергілікті атқарушы органдар мен бейінді министрліктерге бірқатар тапсырма берді.
Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Қостанай облысында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

24.03.2025

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2025
MalimBlocks
Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Қостанай облысында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Ер адам қалаға танымал кәсіпкер екені, қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін делінген.

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады