Қостанайда «Ұлан» жауынгерлері Германия азаматтарының қызын тауып берген

Шетелдіктер жауынгерлерге алғысын білдірген

Мәди Саматұлы

  • 11.08.2024

Қостанайда ұландықтар шетелдік қонақтардың қызын іздеп тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, оқиға 9 тамыз күні кешке Қостанай қаласында болған. 6697 әскери бөлімінің әскери жасағы облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығынан Германиядан келген қонақтардың 14 жастағы қызы жоғалғаны туралы шұғыл хабарлама алған. Германиялықтар қыздарын таба алмағандықтан, полицияға жүгінген.

Сағат 19:40 шамасында әскери жасақ бастығы Олжас Қабдыбеков, қатардағы жауынгерлер Вадим Голиян, Владимир Ославский, Нұрмұхамед Шагиров және Станислав Быструевпен «Қазақстан» кинотеатры ауданында патрульдеу бағытын айналып өту кезінде шұғыл ақпарда айтылған белгіге ұқсас жасөспірім қызды байқайды. Мән-жәйды нақтылап, қызды ата-анасымен, Германия азаматтарымен аман-есен табыстырды, деп жазылған ресми хабарламада.

Шетелдік қонақтар ұландықтарға Викторияны іздеудегі жедел және үйлесімді әрекеттері үшін алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Фото: Polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

11.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіске жетті

05.05.2025

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды

02.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

Америка «қорғаныс қызметтерін» 50 миллион доллар немесе одан да көп сомаға жеткізуге рұқсат берген

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирде жеңіске жетті

Жібек Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар

Германияда 30 жыл өмір сүрген ер адам СҚО-дағы ауылына оралды