Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде 37 өңір су тасқынынан зардап шекті

Қоғам
Ресейде 37 өңір су тасқынынан зардап шекті

Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып, 942 сантиметрге жетті.

Салдарынан Орынбордың бірнеше ауданын су басты. 10 мыңтан астам үй су астына кетіп, мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, Ресейдің 37 өңірі көктемгі су тасқынымен күресіп жатыр. Орынбор облысынан бөлек, Самара, Түмен, Қорған облыстары және Алтай өңірінде жағдай күрделі.

Үш облыста төтенше жағдай режимі жалғасуда. Қазір төрт мыңнан астам адам су тасқынымен күресіп жатыр.

Жағдай өте күрделі. Апаттың салдарымен күрес жалғасуда, арнайы комиссия құрылып, жедел желі іске қосылды. Төтенше жағдай кезінде азық-түлік, су қымбаттамайды, - дейді РФ Төтенше жағдайлар министрі Александр Куренков.

Фото: РИА Новости

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу