Рудный қаласындағы жылу беру маусымының барысы тексерілді

Арман Қайыпхан

  • 19.12.2024

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапарында Рудный қаласында болып, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ) базасында қара металлургияның дамуымен, сондай-ақ Рудный ЖЭО-да жылыту кезеңінің барысымен танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-министрге Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің ағымдағы нәтижелері және ERG компаниясын одан әрі дамыту жоспары туралы баяндалды. Бүгінгі таңда «ССКӨБ» АҚ – Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі темір кені алыбы саналады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 35 млн тонна кен, 9 млн тонна концентрат және 8 млн тонна түйіршікке жетеді. Ішкі нарықтан басқа, өнім Ресей мен Қытайға экспортқа шығарылады, биылғы 11 айда 371 млрд теңгеден астам сомаға 9 млн тоннадан астам тауар өнімі жөнелтілді.

Мұнда Премьер-министрге Қазақстандағы ERG бас директоры Серік Шахажанов металдандыру дәрежесі 90%-дан асатын ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндіруге бағытталған зауыт салу жөніндегі жобаны таныстырды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 2 млн тонна ЫБТ-ны құрайды. Инвестиция көлемі 500 млрд теңгеден асады, 1,1 мың жұмыс орны ашылады. Жобаны 2028 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Өңірде толық циклді металлургиялық кластер кезең-кезеңімен қалыптасуда. Премьер-министр ыстық брикеттелген темір зауытын салу жобасы өнеркәсіпті нығайтуға және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағынан Қостанай қаласына дейін магистралды газ құбырын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба мақұлданды, бұл зауытты қажетті газ көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Энергетика министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп зауыт құрылысына жәрдемдесу жөнінде тапсырма берілді.

Сонымен қатар Олжас Бектенов ССКӨБ құрамына кіретін Рудный ЖЭО-сында болды. Кәсіпорын директоры Василий Новоселов электр стансасында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жаңғыртылуы туралы баяндады. Сонымен, күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысында негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделді. Қоймада қажетті отын мен материалдар қоры қалыптастырылған. Қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында түтін құбырларынан бөлінетін шығындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің жобасы іске асырылуда, бұл технологиялық процестегі кез келген өзгерістерге тәулік бойы жеделәрекет етуге мүмкіндік береді.

Мұнда Премьер-министрге өңірдегі жылыту маусымының барысы туралы баяндалды. Облыс әкімінің орынбасары Берік Танжарықов бірыңғай электр жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны жеткізілді. Жалпы облыста белгіленген қуаты сағатына 100 Гкал астам 3 қазандық және 4 ЖЭО жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда жабдықтарды жөндеудің арқасында жылумен қамту желілерінің тозуы 57%-дан 45,7%-ға дейін төмендеді. 

Олжас Бектенов стратегиялық маңызға ие өнеркәсіптік нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммуналдық инфрақұрылымды уақтылы жаңғыртудың маңыздылығын баса айтты.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Президент премьер-министрді қабылдады

17.12.2024

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

12.12.2024

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

12.12.2024

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

12.12.2024

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

12.12.2024

Олжас Бектенов Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесті

11.12.2024
MalimBlocks
Президент премьер-министрді қабылдады

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

Үкімет активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Олжас Бектенов Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесті

Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен тауар айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады