Салтанат Нүкенованың әке-шешесі сотта көрсетілген суреттен кейін ауруханаға түсті

Жағдайлары мәз емес. Сондықтан соңғы сот отырыстарына келе алмай жүр.

Malim Админ

  • 09.04.2024

Марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасы Амангелді мен Жұмагүл Нүкеновалар сотта оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді көріп, ауырып қалған. Қазіргі кезде ауруханада жатыр екен. Бұл туралы зардап шегуші тараптың мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Уразбахова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанаттың әке-шешесі сотқа дейін бұл суреттерді көрмеген еді. Осыдан кейін қатты қабылдап, ауруханаға түсіп қалды. Жағдайлары мәз емес. Сондықтан соңғы сот отырыстарына келе алмай жүр. Ал Қуандық Бишімбаев болса, дәретханаға қалай құлатқанын, қабырғаға қалай құлағанын салқынқандылық айтып тұр. Унитаз, қабырға, еден – бәрі кінәлі, бірақ ол емес. Сондықтан біз айыптаушы тараптың нұсқасын талап етеміз. Біз бұл кісі өлтіру деп санаймыз, – дейді Жанна Уразбахова.

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша «қылмысты жасырды» деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді