Енді зайыбының келісімінсіз несие беруге тыйым салынады

Мерзімі өткен кредиттерінің уақыты 90 күннен асқан жағдайда және жұбайының немесе зайыбының келісімінсіз несие беруге тыйым салу қарастырылған.

Malim Админ

  • 23.05.2024

Сенат депутаттары кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайтуға қатысты заңға өзгеріс енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Заң банктік қарыздар мен микрокредиттер беру кезінде кредиторларға қойылатын талаптарды қатаңдату арқылы азаматтардың шамадан тыс несие алуын төмендетуді көздейді.

Атап айтқанда, азаматтарға мерзімі өткен кредиттерінің уақыты 90 күннен асқан жағдайда және жұбайының немесе зайыбының келісімінсіз несие беруге тыйым салу қарастырылған. Одан бөлек, қаржы нарығындағы кибер алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері де ескерілген. Енді электронды қарыздар беру кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдары клиентті биометриялық сәйкестендіру тәртібін жүргізуге міндеттеледі.

Талқылау барысында сенаторлар құжаттағы нормаларды концептуалды тұрғыдан мақұлдап, оған бірқатар түзету енгізді және заңды мәжіліске қайтаруға шешім қабылдады.

Сенаторлар ұсынған өзгерістер:

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметін Ұлттық Банк бюджетінен қаржыландыруға көшіре отырып, оны республикалық бюджеттен қаржыландыру құрамынан алып тастау;

мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде заңда көзделген қарыз өтеуді кейінге қалдыруды 60 күнге ұзарту;

Бұл түзету запасқа шығарылған әскери қызметшіге жұмысқа орналасуға және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге уақыт беру мақсатымен қарастырылып отыр, - дейді депутаттар.

Заң арқылы азаматтардың банк несиелері мен микрокредиттер бойынша қарыздарын коллекторларға сатуға екі жылдық, яғни 2026 жылғы 1 мамырға дейін мораторий енгізу ұсынылып отыр. Сотқа дейінгі реттеу және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі. Банк омбудсманының өкілеттіктері кеңейтіледі. Сондай-ақ жаңа микроқаржы омбудсманы институты енгізіледі.

Бүгін сенаторлар енгізген өзгерістер заңның жекелеген ережелерін жетілдіруді көздейді. Осы заңда көзделген шаралар азаматтарымыздың құқықтарын тиімді қорғауға және қаржылық сауаттылықты арттыруға оң әсерін тигізеді деп сенеміз”,– деп атап көрсетті сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады