Соғыс кезінде теміржол салған. Атыраулық әже 100 жасқа толды

Ауыр рельстерді қолмен төсеген

Malim Админ

  • 11.03.2025

Атырау облысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде теміржолды қалпына келтіруге қатысқан Ұлжан Темірболатова тұрады. Жақында мерейлі 100 жасқа толған әже туралы Kazinform.kz жазды. Ол 1925 жылы Индер ауданындағы Жарсуат ауылында өмірге келген. Құжатындағы туған күні — 25 ақпан.

Бала кезіміз ашаршылықпен тұспа-тұс келді. Ел ішінде ішерге тамақ табылмаған кезде үлкендер Жайық өзенінен балық аулады. Одан кейін қуғын-сүргінді де көрдік. Енді ес жиямыз-ау деп жүргенде, соғыс өрті лап ете түсті. Осы кезде ер-азаматтың бәрі майданға аттанып, әйелдер мен жасөспірімдер ауыр еңбекке араласты. Әсіресе аналарымыз күні-түні жұмыс істеп, бар қиындықты тайсалмай көтерді, - деп еске алды Ұлжан Темірболатова. 

Жастайынан ауыр еңбекпен шыңдалған ол теміржол салу ісіне қатысқан. Фашистер Ресей Федерациясының Астрахань облысындағы теміржолды бұзып кеткен. Сол кезде Ұлжан Темірболатова 10-ға жуық құрбысымен бірге сол өңірдегі теміржолды қалпына келтіруге жіберілген.

Жұмыстың жеңілі болмайды ғой. Теміржол салу өте қиын екен. Әсіресе бұғанамыз әлі қата қоймаған жасөспірім шақтағы топырақ тасығанымыз, ауыр рельстерді қолмен төсегеніміз әлі есімнен кетпейді. Балғаның салмағы ауыр еді. Төбемізден жау ұшағы ұшқанда, тығылатын қалқа таба алмай, жан-жаққа қашамыз. Жау ұшағының дауысы масаның ызыңы секілді естіледі. Өзіміз алдына ала қазып қойған шұңқырға тығылуға мәжбүр боламыз. Ішетін тамақ та, киетін киім де тапшы. Бүгінгі ұрпағымыз сондай қиындықты көрмегенін қалаймын, - дейді Ұлжан Темірболатова.

Кейін сұрапыл соғыстан оралған майдангер Мәтжан Ғұбайдуллинмен отау құрған. Олар 2 ұл, 3 қыз дүниеге әкеліп, тәлімді тәрбие берді. 

Ал 1957 жылы отбасымен Қызылқоға ауданының орталығы — Миялы ауылына қоныс аударған. Күйеуі бұрынғы «Селхозтехника» мекемесінде жұмыс істеген. Ал өзі «ПМК-907» мекемесінің сылақшысы болған.

Ғасырлық белесті бағындырған Ұлжан Темірболатова 5 перзентінен 40-тан астам немере-жиен мен шөбере көріп отыр. Былтыр оған «Қызылқоға ауданының құрметті азаматы» атағы берілген. 

Келіні Жазира Есенғазының айтуынша, 100 жастағы кейуана далаға ешкімнің көмегінсіз шығады. Малдың жайын сұрап отырады. 

Әжеміздің денсаулығына шағым айтпайды. Немере-шөбелерін маңдайынан сүйіп, жиі еркелетеді. Күн сайын батасын беріп, әулетіміздің берекесін арттырып отыр, - дейді Жазира Есенғазы. 

Қазір ғасыр жасаған ананың балаларының үлкені 75 жасқа толған. Одан кейінгісі 60 жастан асқан. 

Адамның қанша ғұмыр сүретіні бір Аллаға ғана аян ғой. Жұмыс ауыр болса да ерінбедік, адал еңбек еттік. Балаларымыз аман өсіп, үбірлі-шүбірлі болса екен деп тіледім. 100 жасқа толамын деген ойым болған жоқ. Бұл — жас күнімдегі көрген бейнетімнің зейнеті шығар, - дейді Ұлжан Темірболатова.

Фото: Қызылқоға ауданының әкімдігі

 

 

Байланысты жаналықтар

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

02.04.2025

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

02.04.2025

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

29.03.2025

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

27.03.2025

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

23.03.2025

Атырауда адамдарға пышақпен шабуыл жасаған әжейдің видеосы тарады

07.03.2025
MalimBlocks
"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Атырауда Туды қорлап, суретке түскендерге қатысты бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық балаларының өліміне күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияда түсіп кеткен

Атырауда адамдарға пышақпен шабуыл жасаған әжейдің видеосы тарады