Су тасқыны: Президент Қостанай облысының қазіргі ахуалымен танысып жүр

4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді.

Malim Админ

  • 16.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып барды. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына байланысты өңірдегі алты аймақта төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Облыстағы 492 ауылдың 11-і су тасқынынан зардап шекті. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды. Алайда әлі де 51 үй су астында қалып отыр. Бұдан бөлек, 4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді. Салдарынан Қостанай мен облыстың оңтүстігіндегі аудандар арасында көлік қатынасы қиындап, 13 елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесінде түйткілдер пайда болды.

Сонымен қатар Президентке облыстың негізгі гидротехникалық нысандарының, атап айтқанда Қаратомар, Жоғарғы Тобыл және Желқуар су қоймаларының жай-күйі жөнінде мәлімет берілді. Құмар Ақсақалов елді мекендер мен инфрақұрылымдарға төнетін қауіптің алдын алу үшін су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері ұдайы бақылауда ұсталатынын айтты.

Жалпы, өңірдегі дамбаларды бекіту, инертті материалдарды төгу нәтижесінде Тобыл қаласын, Амангелді ауданының орталығын және басқа да елді мекендерді су басу қаупінен сақтап қалу мүмкін болған.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Елімізде тағы бір тасжол ақылы болады

18.04.2025

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

18.04.2025

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

18.04.2025

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

17.04.2025

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

17.04.2025

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025
MalimBlocks
Елімізде тағы бір тасжол ақылы болады

Тоқаев Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев​​​​​​​ жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Тоқаев митрополит Александрды марапаттады

Тоқаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті