Шымкенттегі «Мұз сарайы» мемлекетке қайтарылды

Қала әкімдігі 2017 жылы ірі нысанды кәсіпкер Серікжан Сейтжановқа 128 миллион теңгеге сатқан еді.

Берік Дәулетов

  • 18.06.2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкенттегі департаменті қала прокуратурасымен бірлесе отырып, “Мұз сарайын” мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Шымкенттегі “Мұз сарайы” мемлекеттің бақылауына қайтарылып жатыр. 

Департамент қала прокуратурасымен бірлесіп “Мұз сарайын” мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Биыл 27 мамырда бірінші сатыдағы сот “Спорт сарайы” ЖШС үлесін (67%) жеке меншікке 128 миллион теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды, – деп хабарлады өңірдегі департамент басшысы.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Шымкент әкімдігі 2017 жылы шаһардағы ең ірі нысанның бірі – “Мұз сарайын” 128 миллион теңгеге сатқан еді. Қаланың баспасөз қызметі сол уақытта нысанды “МұнайҚұрылысСервис” ЖШС компаниясы сатып алғанын мәлімдеді. Артынша бұл компания шымкенттік кәсіпкер Серікжан Сейтжанов тиесілі екені белгілі болды.

Фото: ZTB

Байланысты жаналықтар

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

11.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

09.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025
MalimBlocks
Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Шымкент құтқарушыларына жыландарға қатысты 25 шақырту түскен

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті

Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті