«Таза Қазақстан»: «Үлбі» зауытының қызметкерлері де экоакцияға атсалысты

Зауыт жұмысшылары қоқыс жинастырып, құрылымның зақымдалған элементтерін қалпына келтірді.

Malim Админ

  • 18.04.2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығындағы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ қызметкерлері Владимир Потанин ескерткішінің айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Зауыт жұмысшылары қоқыс жинастырып, құрылымның зақымдалған элементтерін қалпына келтірді.

Үлбі металлургия зауыты әлеуметтік және экологиялық бастамаларды әрқашан қолдауға ұмтылады. «Таза Қазақстан» акциясы осындай игі бастаманың бірі. Акция аясында біз бүгін ескерткішті тазалап, жаңартып, сырлап, сынған плиталарды ауыстырдық. Бұл жұмысқа он беске жуық адам жұмыла кірісті, - дейді «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Алексей Проскуряков.

Айта кетейік, өткен аптада ҮМЗ қызметкерлері экоакция аясында 140 гектардан асатын зауыт аумағын тазартты. Сондай-ақ, жұмысшылар зауыт периметрі бойынша қала аумағын абаттандырды. Бұл дегеніңіз, шамамен, жеті шақырымға жуық аумақ. Жұмыс әлі жалғасып жатыр. Кәсіпорынның әр бөлімі өз учаскесін тазалайды.

Келесі аптада зауыт қызметкерлері өсімдіктерге күтім жасауды жоспарлап отыр.

Фото: «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ

Байланысты жаналықтар

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

01.05.2025

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

24.04.2025

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

23.04.2025

Абай облысында жалпы өңірлік тазалық акциясы басталады

04.04.2025

«Таза Қазақстан»: Жезқазғанда сенбілік өтті

29.03.2025
MalimBlocks
АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтау игі дәстүрге айналып келеді

Абай облысында жалпы өңірлік тазалық акциясы басталады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли аймақ тұрғындарына арнайы үндеу жасап, жалпыөңірлік тазалық акциясының басталатынын жариялады

«Таза Қазақстан»: Жезқазғанда сенбілік өтті