Үкіметте IT-компанияларды қолдауға арналған жұмыс тобы құрылды

Бүгін Үкіметте өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында IT-саласын қолдау және дамыту мәселесі талқыланды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 14.04.2022

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомство дайындаған бірқатар ұсыныстарды таныстырды. Атап айтқанда, IT-мамандарына әскери қызметті кейінге қалдыру, отандық IT-шешімдерді енгізу үшін жеңілдікті кредит беру, «Astana Hub»-та эксаумақтылық қағидаты бойынша салық преференцияларының қолданылуын 2029 жылға дейін ұзарту.

Сонымен қатар, Қазақстанда жұмыс істеуге мүдделі шетелдік IT-мамандардың ұсыныстарын жедел қарау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері кірді. Жұмыс тобы мамандардың елге кіру, тұру және компания ашуына көмек береді. Сондай-ақ IT-саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық нұсқаулықтары бар веб-сайт пен әлеуметтік желілерде топтар құрылады.

Айта кетейік, Ресейдің Украинамен соғысы басталғаннан кейін ресейлік бірқатар компаниялар Қазақстанға көшуге ынта білдірген. Олардың қатарында Ресейдегі кеңсесін Алматыға көшірген inDriver компаниясы бар.

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

18.12.2024

«Манчестер Сити» – бірінші, «Астана» – 135-орында. УЕФА клубтар рейтингін жариялады

14.12.2024

ӘЧ: Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары анықталды

13.12.2024

Қазақстанның су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар

13.12.2024

Азия чемпионатының ақтық сынында 9 боксшы алтынға таласады

11.12.2024

Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі туристен 224 млрд теңге кіріс келген

09.12.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

«Манчестер Сити» – бірінші, «Астана» – 135-орында. УЕФА клубтар рейтингін жариялады

Рейтингте қазақстандық бірнеше команда бар

ӘЧ: Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары анықталды

Қазақстанның су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар

Азия чемпионатының ақтық сынында 9 боксшы алтынға таласады

Қазақстандық 7 боксшы Өзбекстан өкілімен жұдырықтасады

Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі туристен 224 млрд теңге кіріс келген