Зайсан мен Катонқарағайға әуежай салынады - ШҚО әкімі

Бұл шалғайдағы аудандарды дамыту үшін маңызды қадам болмақ

Malim Админ

  • 09.12.2024

Президент тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай мен Зайсанға әуежай салынады. Бұл шалғайдағы аудандарды дамыту үшін маңызды қадам болмақ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.

– Шығыс Қазақстан халқы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асып жатқанын бірнеше маңызды шешімдерден көріп отыр. Үлкен Нарын, Катонқарағай және Марқакөл аудандары қайта құрылып, тарихи әділдік орнады. Реформалардың оң нәтижелеріне 3 жыл бұрын қайта түлеген Тарбағатай мен Самар аудандарының тұрғындары да куә болды, - дейді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысы Катонқарағай мен Зайсан аудандарында әуежай салу туралы шешімі шалғайдағы ауылдардың дамуына серпін береді.

– Өңір экономикасын дамыту үшін жалпы сомасы 2032 жылға дейін іске асырылатын 913 млрд теңгені құрайтын 40 инвестициялық жоба әзірленді. Оның ішіндегі 10 жоба биыл жүзеге асырылып, 478 жұмыс орны ашылды. 2024 жылы облыс экономикасы 6,5 пайызға артқан,
- дейді Ермек Көшербаев.

Фото: ШҚО әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді