«Жәннатқа кіргің келсе, осы қиындыққа көнуің керек»: жат ағымдағы ер адамның әйелі көрген қорлығын жайып салды

Деструктивті діни ағым жетегінде кеткен ер адамның әйелі басынан өткен қорлығын баяндап берді. Бұл туралы ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсірген «Тамұқ» фильмінде айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Malim Админ

  • 05.04.2024

«Маған бірінші хиджап кигізді»

Әйел алдымен хиджап кигізгенін, кейін намазға жығыл деп бұйырғанын айтады. Үшкүндікке ертіп апарғанын есіне алады.

– Әр жексенбіде әйелдер жиналады. Дөңгеленіп алады да, кітаптар оқиды. Пайғамбар туралы оқимыз. Мені ол жерге паранжа кигізіп алып барды. Сұмдық суық болды. Еденде жаттық. Ауырып жүрсем де сүйрелеп алып барды сол жаққа. Паспортымды дайындап берді. «Балаларымды сағындым, елге қайтайықшы, егер өліп қалсам, осы жақта қаламын ғой» деп жалынғаныма да қараған жоқ. «Егер өлсең, шаһид боласың» деді. Күйеуің не айтса да тыңдау керек, айтқанынан шықпау керек деп миымызға сіңіріп жіберген ғой. Көзіне де тік қарамаймыз. Жұмыстан келгенде аяқкиімдерін өзі шешпейді, оны шешіп беруіміз керек. Тек жатады, қол-аяғына дейін жуып береміз. «Итаат» деп айтады, жәннатқа сол кезде кіресің дейді. «Егер жәннатқа кіргің келсе, осындай қиындықтарға көнуің керек» деп айтатын. «Он әйелім болса да қасымда жүруің керек» дейтін, - дейді ол.

«Балконға шығармай, қамап ұстады»

Әйелдің айтуынша, күйеуі тіпті балконға да шығармай, қамап ұстаған.

– Бірде өлімші етіп сабап, реанимациядан шығарған кезі де болды. Оған да көндім. Бірақ тоқал алғанда «бәріне шыдадым, бірақ бұған шыдай алмаймын, бұл сенің мазағың» дедім. Теледидар көруге болмайды деп тыйым салды, телефонымды тартып алды. «Тек намаз бен кітап оқы, балаларды соған үйрет» деді. Бір жыл осылай өмір сүрдім. Тіпті балконға да шығарған жоқ. Қайта атам мен енем араласып, сыртқа шығарғанда, сенесіз бе, түрмеден шыққандай болдым. Жабайы болып кете жаздадым. Бірде, балаларым кішкентай, үйде нан бітіп қалып, дүкеннен нан алып келгенім үшін «Неге менің рұқсатымсыз далаға шықтың!?» деп итше тепкілеген. Бұл қорлыққа шыдай алмай, асылып өлейін деп жатқанда атам құтқарып қалған. Балаларым айтса керек, – дейді әйел.

Әйел бірде қасын жұлдыртып келгені үшін де таяқ жеген. «Осы қасыңды жұлдың ба!?» деп тырнағымен қырып тастаған.

– Осы күні басым қатты ауырады. Өйткені ол «сені жынды қыламын» деп басымнан көп ұратын. Балаларым өскенше тірі жүрем бе екенмін деп қорқамын. Өжет қыз едім, жасық қылып тастады. Тіпті сөйлеуге де қорқатын болдым. Біреу бірдеңе деп сөйлесе, селк ете қаламын. Көп қиындық көрдім. Өзі қырық күнге кеткен кезде квартирада қаламыз. Аш қаламыз ба, пәтерге ақша төленбей жатыр ма, бәрібір еді, қарамайтын, - дейді бейтаныс әйел.
 

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

28.03.2025

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

27.03.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

23.03.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

12.03.2025
MalimBlocks
Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелінің мүрдесін перзентхананың жертөлесінен тауып алған

Жамбыл облысында жүкті әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру шаралары туралы жариялады

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан

Депрессия салдарынан әйел екі баласын тұншықтырып өлтірді

Атыраулық келіншек 3 жас және 11 айлық балаларының өліміне күдікті ретінде ұсталды. 29 жастағы әйел босанғаннан кейін депрессияда түсіп кеткен

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылды

Оның бастапқы бағасы - 1,8 млрд теңге.