Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петиция пайда болды

Қоғам
Зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петиция пайда болды

Мемлекеттік ePetition.kz сайтында елдегі зейнеткерлік жасын төмендетуге арналған өтініш пайда болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өтініштің авторы зейнеткерлік жасты әйелдер үшін 55 жасқа, ал ерлер үшін 58 жасқа дейін төмендетуді талап етті.

Өтініш иесі көршілес мемлекеттердегі – Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдегі зейнетке шығу жасын негізге алғанын айтады.

«Бірдей климаттық жағдайларда, бірдей өмір сүру ұзақтығында, Қазақстандағы ер адамдардың зейнетке шығу жасы 63 жас, ал әйелдер де 2028 жылдан кейін 61 жасқа дейін шығатын болады. Бұл қорлық деп санаймыз», - делінген петиция мәтінінде.

Өтініш иесі 50 жастан кейін қазақстандықтардың денсаулығы нашарлайтынын, бірақ олар бұл жасқа келгеннен кейін де жұмыс істеуге мәжбүр екенін, соның салдарынан кейбір қарт адамдардың мүгедек болып қалатынын айтады. Сонымен қатар, петиция авторының пікірінше, көптеген жас қазақстандықтар жұмыссыздар ретінде еңбек биржасында тіркелген. Петицияда 55 жастан асқан адамдарды жұмыс істеу қажеттілігінен арылтып, жастарға жұмыс орындарын беру ұсынылады.

«Зейнеткерлік жасты төмендету жұмыссыздар мен мүгедектердің санын айтарлықтай қысқартады. Жастар жұмыспен қамтылып, мүгедектер зейнетке шығады», - деп санайды петиция авторы.

Қазіргі кезде петицияға 324 адам қол қойған. Айта кетейік, өтініш қаралу үшін ол 50 мың қол жинауы тиіс. 

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу