Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желіде уағыз айтып, діни үгіт-насихат жүргізетіндерді тексереді,

Сұлу Бөлек

  • 29.03.2025

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желіде уағыз айтып, діни үгіт-насихат жүргізетіндерді тексереді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бұған себеп - Интернет арқылы құран оқып, салауат айтуды үйрететіндер көбейген. Алайда басқарма өкілдері діни дәрісті тек ресми ұстаздар мен имамдар жүргізу керегін айтады. 

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желіде жекеленген азаматтардың діни сауат бергенін құптамайды. Дін өкілдерінің сөзінше, уағыз айтып, үгіт-насихат жүргізуге тек ресми ұстаздар мен имамдар құқылы.

"Дін туралы айту үшін міндетті түрде діни білім алу керек. Егер біз бір адамға дұрыс емес діни ақпарат беріп қойсақ, ол қаншама адамның адасып кетуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан біз сөздің жауапкершілігін түсініп, діни мәселеде діни басқармамен ақылдасып, осы мамандардың кеңесімен жүру керек", – деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Алайда жиырма мың оқырманы бар Жансая Кенжебаева әлеуметтік желі арқылы діни білім беру қоғамға ауадай қажет екенін айтады.

"Қарызға батып кеткен едім, сіздің парақшаңыз алдымнан шықты", "Берген дұғаларыңызды оқып жатырмын, алғыс" деген секілді хаттар келеді. Яғни парақшам халық пайдасына жарап жатыр. Көрген қыз-келіншектер білім алып жатыр”, – деді блогер Жансая Кенжебаева.

Астаналық Гүлнұр Базарова да қыз-келіншектерге дұғаның тез қабыл болуы сияқты түрлі амалдарды үйретеді. Медресені тәмамдамаса да, мешіттен алған білімді бөлісемін дейді.

"Үйдің қасында мешіттен білім алдым. Ұстаздардың айтқаны бар, оқыған кітаптарым бар, сомен білім таратып жүрмін. Діни жағынан өзім нәтиже көріп жатқан амалдарымды бөлісемін. "Аллахқа тапсыру", "Сену” сияқты", – деді блогер Гүлнұр Базарова.

Діни басқарма өкілдері алдағы уақытта "онлайн" ұстаздарды тексеруді жоспарлап отыр. Сондықтан оқырман жинап, блог жүргізетіндерді тек расталған ақпарат таратуға шақырады.

Фото: muftyat.kz

Байланысты жаналықтар

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Салық қызметкерлері азаматтардың табыс тарихын зерттей бастады

28.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

13.04.2025

Криштиану Роналду ислам дінін қабылдауы мүмкін – БАҚ

08.04.2025

«Құдай разылығы үшін»: зират қиратты деп күдікке ілінген жігіт өз әрекетін түсіндірді

04.04.2025
MalimBlocks
Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Салық қызметкерлері азаматтардың табыс тарихын зерттей бастады

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады

Криштиану Роналду ислам дінін қабылдауы мүмкін – БАҚ

Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жұлдызы Криштиану Роналду ислам дінін қабылдау туралы ойланып жүр

«Құдай разылығы үшін»: зират қиратты деп күдікке ілінген жігіт өз әрекетін түсіндірді