Жетісулық диқандар қант қызылшасын зауытқа өткізе алмай тұр

Қант зауыты алдындағы жүк көліктері кезегі бірнеше шақырымға созылғаны айтылды

Мәди Саматұлы

  • 22.12.2024

Жетісу облысындағы Ақсу қант зауыты демалыс күндері қант қызылшасын қабылдамай қойған. Соның кесірінен зауыт алдында қызылша тиеген шамамен 100 жүк көлігінің кезегі бірнеше шақырымға созылып кеткен. Бұл туралы жергілікті журналист Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистің сөзінше, кезекте тұрған көліктер тізбегі кемі 5 шақырымға созылады.

Кезекте тұрған жүргізушілердің бірі Қаратал ауданынан келген. Оның сөзінше, жалпы ауданнан 8 көлік келген.

Әркім өз шаруашылығынан алып келген. Мен өз шаруа қожалығымнан 3 көлік әкелдім. Биыл 6,5 га ектім, енді бітіріп жатырмыз. 1 камаз 1 айда 4-ақ рейс жасап жатыр. Биыл шығын өте көп. Кезектен 5 күн көліктің ішінде қонып, өмір сүріп жатырмыз. Кезекте 5 күн тұрып, Алла қаласа, кіреміз, дейді ол.

Ал Сарқандтан келген асхана иесі сол жерге 15 күннен бері тамақ тасып жүргенін айтады. 

Ең қызығы, журналистің сөзінше, өңірде осындай жағдай болып жатқанда кеше Жетісу облысында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні аталып өткен. Онда облыс әкімі Бейбіт Исабаев аталған Ақсу қант зауытының директорына атқарған жақсы жұмысы үшін 700 мың теңге сыйлағанын жазған.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Диқандар былтыр 9 айда 4 млн тонна дәнді-дақыл экспорттаған

30.01.2025

Төрт сағат арпалысқан. Жетісулық дәрігер ұшақта науқасты ажалдан арашалады

29.01.2025

Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханасы жойылды

15.01.2025

Жетісуда күйдіргі көмілген жерлердің маңайы мемлекетке қайтарылды

06.01.2025

Жетісуда күшті бораннан жолда қалғандардың видеосы жарияланды

04.01.2025

Жетісуда «мефедрон» дайындайтын зертхана жойылды (ВИДЕО)

21.12.2024
MalimBlocks
Диқандар былтыр 9 айда 4 млн тонна дәнді-дақыл экспорттаған

Оның жартысына жуығы Өзбекстанға жөнелтілген

Төрт сағат арпалысқан. Жетісулық дәрігер ұшақта науқасты ажалдан арашалады

Тынысы тарылып, қан қысымы көтерілген

Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханасы жойылды

Олардан 10 келіден астам «мефедрон» тәркіленген

Жетісуда күйдіргі көмілген жерлердің маңайы мемлекетке қайтарылды

Жалпы қайтарылған жер аумағы 14,6 гектарды құрайды

Жетісуда күшті бораннан жолда қалғандардың видеосы жарияланды

Оларды төтенше жағдай қызметі құтқарған

Жетісуда «мефедрон» дайындайтын зертхана жойылды (ВИДЕО)

Полиция ол жерден 6 келіден астам мефедрон тапқан