Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Орал қаласында құбыр жарылып, көше суға толды

Сұқбат
Орал қаласында құбыр жарылып, көше суға толды

Апатты жағдай М.Ықсанов көшесінде болып, диаметрі 400 мм құбыр жарылып кеткен. Бұл туралы «Батыс су арнасы» ЖШС  баспасөз қызметі мәлім етті.   

«Қазіргі кезде оқиға орнында бригадалар жұмыс жасап жатыр. Апатқа байланысты Әбубәкір Кердері көшесі бойындағы көпқабатты 127/1, 127, 125/1, 125, 121, 104, 106/1, 112, 120, 127, Сарайшық көшесі 79/1, Л.Толстой көшесі 72, 91, Мұхит көшесі 67/1 және 57/1-үй, сондай-ақ осы маңдағы жеке үйлер сусыз қалды» деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындар аталмыш көшені су басқанын хабарлап, фото мен бейнежазбаларды жіберіп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу