Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өрт сөндіруге кетіп, жоғалған адам табылмай жатыр  

Сұқбат
Өрт сөндіруге кетіп, жоғалған адам табылмай жатыр  

Абай облысында орман өртін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам әлі табылмады. Оның іздестіріліп жатқаны  туралы ақпаратқа Полиция департаменті түсінік берді.

«Егер сізде С.Н.Архиповтың орналасқан жеріне қатысты қандай да бір ақпарат болса, онда «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды өтінеміз», - делінген Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінде.

Департамент мәліметінше, тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де шолу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Сергей Архипов облыс аумағындағы өртті сөндіруге көмектесу үшін тракторымен шығып кетіп, із-түзсіз кеткені туралы ақпарат тарады. Ол соңғы рет 9 маусым күні байланысқа шыққан.        

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу