Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Осы сәтті 45 жыл күтті: 70 жастағы қария 7 қыздан кейін ұлды болды (ФОТО)

Әлем
Осы сәтті 45 жыл күтті: 70 жастағы қария 7 қыздан кейін ұлды болды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Өмір кейде адамды жылдар бойы сынап, ең үлкен қуанышын күтпеген сәтте сыйлайды. 70 жастағы қарияның басынан өткен бұл жағдай – соның жарқын мысалы. Жеті қыз тәрбиелеп өсірген ол, араға 45 жыл салып, ақыры ұлды болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарияның айтуынша, тұңғыш қызы 1981 жылы дүниеге келсе, кенже қызы 1992 жылы туған. Ал 2025 жыл оның өміріндегі ең үлкен арманының орындалған жылына айналған.

"Қыздарым келген сайын үйіміз мерекеге толады. Бірі жейде, бірі бөрік әкеліп, інілерін еркелетеді. "Бізге тартқан" деп мәз-мейрам болып жүреді", – дейді ол қуанышын жасыра алмай.

Сонымен қатар, ол өткен күндердің ауыр сәттерін де еске алады. Жұбайының әр босанған сайын үміт пен уайым арасында жүргенін айтып, бір жолы перзентханада көз жасына ерік бергенін де жасырмайды.

"Алтыншы бала да қыз болса, "енді тағдырыма ренжимін" деп қалжыңдап жұбатқам", – дейді қария.

Бүгінде ол өзін шүкіршілікке толы, бақытты кезеңде жүргенін айтады. Жеті қызы, немерелері бар, тіпті өзінен бір жас кіші үшінші шөбересі бар ұлы туралы әзілдеп:

"Мұны "нағашы" деуге де келмейді", – деп айналасын күлкіге бөлейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу