Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өзбекстан дербес ел болғалы бір рет те халық санағын өткізбеген

Әлем
Өзбекстан дербес ел болғалы бір рет те халық санағын өткізбеген

Өзбекстанда халық санағы 1989 жылдан бері, яғни, Кеңестер Одағының құрамындағы кезеңнен бері бір рет те болмаған. Осылайша, бұл елде халық санағы өткізілмегеніне биыл 36 жыл толды.

Gazeta.uz басылымының мәліметінше, 2022 жылы жасағалы отырған халық санағы пандемияның кесірінен келесі 2023 жылға жылжытылған. Алайда, қаржы бөлінбегендіктен, ол жылы да өткізілмеген.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынысы бойынша, халық санағын әр 10 жыл сайын өткізіп тұрған дұрыс. Бұл - елдің экономикалық әлеуетін бажайлап, әлеуметтік бағдарламаларды пысықтауға мүмкіндік береді.

worldometers.info сервисінің лайв-мәліметінше, қазір Өзбекстан халқының саны - 37 млн 162 мың 646 адам.  Халық санағы 2026 жылға жоспарланып отыр.

 

IMAGE: malim.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу