Қытайдың Ханчжоу қаласында параволейболдан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай командасын жеңді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ханчжоуда өткен финалда ұлттық құрамамыз Қытайды 3:2 есебімен жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңіс командамызға 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама берді.
Сонымен қатар, үш ойыншымыз жеке марапатқа ие болды:
Эрик Каскабаев – үздік доп беруші;
Шыңғыс Медеуов – үздік либеро;
Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы.
Еске салсақ, 2024 жылғы Париж Паралимпиадасында параволейболдан ұлттық құрама 5-і орын иеленген болатын.
Фото: t.me/qazsporttv