freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Парламент тарап, біршама атқарушы және заң шығарушы биліктің құрамы өзгереді — Конституция жобасының 95-бабы

Құқық
Парламент тарап, біршама атқарушы және заң шығарушы биліктің құрамы өзгереді — Конституция жобасының 95-бабы
ФОТОЛАР: © Конституциялық соттың ресми сайтынан

Бүгін Конституция жобасының референдумға шығатын ақырғы нұсқасы жарияланды. Егер, биыл 15 наруызда өтетін референдум қорытындысы бойынша осы нұсқа қабылданса, Қазақстан Республикасының Парламенті биылғы 1 шілдеден бастап өкілеттігін тоқтатады деп хабарлайды malim.kz.

Бұл туралы Конституция жобасының ақырғы нұсқасындағы 95-бапта жазылған екен. Онда:

1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатады.

Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс.

2. Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың келісімімен Вице-Президентті тағайындауға тиіс.

3. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.

1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тағайындалған Конституциялық Сот Төрағасы мен судьялары Конституциялық Соттың жаңа құрамы қалыптастырылғанға дейін өз өкілеттігін сақтайды.

4. Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.

1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тағайындалған Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелері Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның жаңа құрамы қалыптастырылғанға дейін өз өкілеттігін сақтайды.

5. Жоғарғы Сот Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.

6. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сайланған (тағайындалған) Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттың судьялары, мәслихат депутаттары, өзге де лауазымды адамдар өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін сақтайды. -

делінген.

Жаңа Парламент Құрылтай деп аталып, оған сайлау Конституция қабылданған соң 2 ай ішінде өтуі тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу