Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павел Дуров Парижде ұсталды

Әлем
Павел Дуров Парижде ұсталды

Telegram желісінің авторы миллиардер Павел Дуров Парижде ұсталды. Ол әуежайдағы әуе көлігі жандармериясының қолына түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Француз TF1 телеарнасының мәлімдеуінше, ол Әзербайжаннан жеке бизнес-джетпен келген бойда ұсталған. 2021 жылы Дуров Франция азаматтығын алды.

Ақпарат көзіне қарағанда, оны тұтқындау себебі, Telegram-да контент модерациясы жоқ және кәсіпкердің өзі Франция құқық қорғау органдарымен жұмыс істемейтінді. Енді миллиардер алдағы күндері Франция азаматы ретінде сотқа тартылады.

Алдын ала айыптаулардың арасында терроризм, ақшаны жылыстату және есірткі тасымалдау айтылған.

Францияның арнайы қызметтері қылмыстық қауымдастықтармен, сондай-ақ санкцияланған адамдар мен компаниялармен байланысты хат-хабарларға қол жеткізгісі келіп отыр.

Фото: instagram/durov

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу