Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында жүк көлігімен Ресейге ұшақ алып өтпек болған

Құқық
Павлодар облысында жүк көлігімен Ресейге ұшақ алып өтпек болған

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп қос мақсаттағы тауар – АН – 2Т әуе кемесін тасымалдау дерегін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс департаментінің ақпаратына қарағанда, «Амангелді» автомобиль өткізу пунктінде (Ресейдің Омбы облысымен шекара) «МАЗ 54323» маркалы көлік құралын тексеру барысында құны 1 800 000 ресей рубліне бағаланатын, салмағы 3 тонна 600 келі болатын АН-2Т ұшағын тасымалдау дерегі анықталған.

Ұшақты азамат аукционда жеке мақсаттар үшін сатып алды. Шекарадан өту кезінде ол азаматта өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды болған жоқ (өзіндік ерекшелігі бар тауар азаматтық мақсаттарда да, әскери мақсаттарда да қолдануға жатқызылуы мүмкін), дейді экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Қантарбаев.

Ұшақты қажетті рұқсат құжаттарсыз тасымалдаған азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасау материалдары сотқа жіберілген.

Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, оған 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

Фото: Павлодар облысы бойынша МКД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу