Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Петропавлдық оқушы үш баланы суық қарумен жарақаттады 

Сұқбат
Петропавлдық оқушы үш баланы суық қарумен жарақаттады 

Петропавлда 9-сынып оқушысы  мектепке балта мен пышақ апарып, үзілісте  жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасаған.   Оқыс оқиға  №4 мектепте орын алды.  

Шабуыл туралы ақпарат пабликтерде пайда бола бастады. Онда 9-сынып оқушысының мектепке балта мен пышақ әкеліп, әжетханада бетперде киіп, дәлізге шығып, үш оқушыны жарақаттағаны айтылған. Басы мен білегінен пышақ жарақатын алған  екі оқушы  балалар ауруханасында жатыр, тағы біріне  сол жерде медициналық жәрдем көрсетілген. Зардап шеккен балалар 10 және 9-сыныпта білім алады.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаменті оқиғаны растады.  Зардап шеккендер  облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін және олар есін білетінін айтады.

Арнайы хабарламада «Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Д.-ны ұстады, бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігі 1, 14-тармағы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша соталды тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған Д. психиатриялық бақылауға алынған. Кәмелетке толмаған бала мен мектеп әкімшілігінің әрекетіне соталды тергеп-тексеру аясында құқықтық баға беріледі. Қалған мән-жай анықталып жатыр», - делінген.

Фото: pkzsk.info

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу