120 миллион теңге жымқырды деген Шалабеков бостандыққа шықты

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков 120 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған болатын.

  • 15.06.2021

Қарағандыда әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков бостандыққа шықты. Ол Қазыбек би аудандық сотының қаулысына сәйкес қамаудан босатылды.

Жақсылық Шалабеков үкім жарияланғаннан кейін тура 6 күн темір тордың ар жағында отырды. 14 маусымда Қазыбек би аудандық соты оны жазасын өтеп болуына байланысты қамаудан босату туралы қаулы шығарды. Сот құжатында Жақсылық Шалабековтің 2020 жылы 12 қыркүйектен бастап қамауда болғаны айтылған. Ол 13 маусымда босатылуы керек еді.

"Сот үкімі бойынша, Жақсылық Шалабековке 2020 жылғы 12 қыркүйектен бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің екі күні үшін күзетпен ұстаудың бір күні есебімен қамауда болған уақыты есепке алынды. Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі 2021 жылғы 13 маусымда аяқталды, одан әрі оны ұстау заңсыз және оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзады. Көрсетілген жазаны ескере отырып, сотталған адамның жаза мерзімінің аяқталуына байланысты ол қамаудан дереу босатылды", - делінген Қарағанды Қазыбек би аудандық сотының қаулысында.

Еске салайық, Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков 120 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған болатын.

Оқи отырыңыз: Шалабеков жемқорлықпен ұсталды. Әубәкіров қайтпек?

Тергеу нұсқасы бойынша, ол "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлер салу үшін бөлінген бюджет ақшасын жымқырған. Кейін сотта тергеу нұсқасы расталмады. Сот Жақсылық Шалабековке тағылған айыпты қайта қарап, оны өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп тапты. 8 маусымда Қазыбек би аудандық соты оны бір жарым жылға бас бостандығынан айырды. Бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған кәсіпкер Ермек Қасеновке сот 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот оны алаяқтық ісі бойынша кінәлі деп тапқан еді.

 

Байланысты жаналықтар

Оралда "аса қауіпті аурулар" 55 млн теңгені жеп қойған 

16.10.2023

Пара алғыш Шымкент шенеуніктері айыппұлмен құтылды

02.08.2023

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

20.07.2023

Төтенше жағдай. Шенеуніктер шеттерінен ұсталуда

20.07.2023

Алматының урбанистика басқармасының басшысы ұсталды

19.07.2023

Олимпиада жүлдегері Жамбыл облысының әкімінің үстінен Тоқаевқа шағым түсірді 

28.04.2023
MalimBlocks
Оралда "аса қауіпті аурулар" 55 млн теңгені жеп қойған 

Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерінің үстінен қаржы жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.

Пара алғыш Шымкент шенеуніктері айыппұлмен құтылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековке қатысты үкім шығарды.

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

Жемқорлар жайлаған тендердің «жеңімпаз» баспаларына министрліктегілер ескерту жасай алмайды

Төтенше жағдай. Шенеуніктер шеттерінен ұсталуда

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады.

Алматының урбанистика басқармасының басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істерді анықтады.

Олимпиада жүлдегері Жамбыл облысының әкімінің үстінен Тоқаевқа шағым түсірді 

Ақжүрек Таңатаров Тоқаевқа өңірдегі спорт саласындағы жемқорлық туралы айтты