Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 01.03.2021

Нұр-Сұлтан әкімдігінде аналар сегізінші күн түнеуде.

Аналар «ана мен баланың жағдайын жасау», «көп балалы аналарға үй беру», «лайықты жұмыс орындарын ашу» талаптарын қойып, сегіз күннен бері елорда әкімдігіне түнеуде. Наразылық акциясына қатысып жүрген аналардың бірі Назира Мукушеваның сөзінше, сегіз күннен бері олармен кездесуге қала әкімі Алтай Көлгінов бірде-бір рет келмеген. Тек көмекшілері ғана шығып, мәселені жоғары жаққа жеткізетіндерін, арыз-талапты хат түрінде жолдау керектігін айтқан.

«Бізбен кездесуге ішкі саясат бөлімінің өкілі Дәурен Бабамұратов және әкімнің көмекшісі ғана шықты. Бұл кісілер «сіздер қойған талаптарды біз шешпейміз, қайтыңыздар» деп жатыр. Қала әкімі, басшылардың барлығы аналардың не талап етіп отырғанын интернеттен көріп, біліп отыр деп ойлаймын. Мен бұны шұғыл «чп» деп ойлаймын. Ол кісілер шұғыл түрде келуі тиіс деп есептеймін», - дейді Мукушева.

Нұр-Сұлтан әкімдігіне бір апта бойы 10-15 ана түнеуде. Жалпы, билікке өз талаптарын қойып, қарсылыққа акциясына қатысып жатқан аналардың саны 70-ке жуық.

Назира Мукушеваның айтуынша, аналар талаптарын хат түрінде әкім Алтай Көлгіновке және басқа да басшылардың атына бірнеше рет жазған. Бірақ ол хаттардан ешқандай нәтиже шықпаған.

«Біз Көлгінов мырзаның өзіне де, басқаларға да хатты жазып тапсырғанбыз. Ол хаттарды 22-інде ғана келіп жазған жоқпыз. Біз оның алдында да қаншама рет хат жаздық. Қанағаттандыратын жауап болмаған соң аналардың шыдамы таусылды. Нақты жауап болмаған соң аналар осындай наразылық акциясы ұйымдастыруға шешім қабылдадық», - дейді Мукушева.

Ақпанның 28 наурыздың 1-іне қараған түні аналарға полиция қызметкерлері келіп, карантин шараларын алға тартып, тарауларын сұраған. Бірақ аналар олардың бұл талабын орындаудан бас тартқан.

22 ақпан күні «Нұр-Отан» партиясына барған аналар «Депутаттар шықсын!», «Баспана!» деп ұрандатып, биліктен көп балалы аналарға баспана беруді және «әр балаға берілетін 10 000 теңге жәрдемақы мардымсыз» екенін айтып, оның мөлшерін 42 500 теңгеге өсіруді талап еткен. Сол уақытта «Нұр-Отан» партиясының өкілі Дәулет Кәрібек шығып, наразыларға «талаптарыңызды жазбаша түрде қоғамдық тыңдау бөліміне қалдырыңыздар» деді. Бірқ аналар «жазбаша талапты сан рет жазғанын, одан ешқандай нәтиже шықпағанын» айтып, партия өкілінің ұсынысын орындаудан бас тартқан.

Жақында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында болған қайғылы оқиғаға (бір отбасының бес бірдей қызы тірідей өртеніп кеткен) қатысты пікір білдірген.

Онда ол: «Бес баланы сыртынын жауып кетіп қалу, ол нағыз… Айтады ғой, түк көрмегендік», – деген.

Ибраимовтың бұл пікірі әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыланып, ақпанның 22-і күні бір топ әйел мәслихат депутатын іздеп Алматы әкімдігіне барған. Кейіннен Ибраимов “Нұр-Отан” партиясының ғимаратында аналармен кездесіп, “батыр аңғал келеді” деп ақталған.

Қазақстанда көп балалы аналар наразылығы 2019 жылдың ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында бір отбасының бес бірдей баласы тірідей өртеніп кеткеннен кейін басталған. Дәл осы жылы үкімет әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы тағайындаған. Бірақ кейіннен жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек беру шартын өзгерткен. Аналар сол уақыттан бері үкіметтен әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы беру әдісін талап етуде. Бірақ билік олардың бұл талабын орындамай келеді.

19 ақпанда Жамбыл облысының Жаңатас қаласында бір отбасының бес баласы өрттен қаза болған. Әкімдік мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен.

Байланысты жаналықтар

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

27.03.2024

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

08.08.2023

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

23.12.2022

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

05.10.2022

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

16.05.2022

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

25.10.2021
MalimBlocks
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

БҚО әкімінің экс-орынбасары Балтаев жемқорлықпен ұсталды  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

А.Көлгінов: Өз кәсібін ашқысы келетіндерге 50 млрд теңге бөлінді

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы елге кең көлемде  таратылатын болады.

Көлгінов көш басында. Қазақстанның ең лас қалалары

Бір апталық зерттеу аясында ауасы ең таза қалалар тізімі де жасалды.

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

217 мыңнан астам астаналық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Цой отставкаға кетсін – наразы топ

Еңбек министрлігі алдында он шақты адам шерулетіп, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны екі есе артыруды талап етуде. Бұл туралы Malim.kz тілшісі хабарлайды.