«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН ЕСЕЛЕУДІ КӨЗДЕЙДІ

Компания өкілдері еңбек адамдарына қолдау көрсетуді сұрады

Malim Админ

  • 01.03.2023

«AMANAT» саяси ұйымының партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына БҚО-дан ұсынылған кандидат Ербол Салықов, облыстық мәслихатқа бірмандатты сайлау аумағынан кандидат Азамат Бисенов және қалалық мәслихатқа үміткер Рафхат Данагулов «ОралТазаСервис» ЖШС ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді.

Кандидат Ербол Салықов партияның сайлауалды бағдарламасында ең алдымен халықтың табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету міндеті тұрғанын атап өтті. Ал бұл мақсатты орындаудың тиімді тәсілі - шағын және орта бизнесті дамыту.

Облыста қазір 53 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 118 мыңнан астам адам еңбек етеді. Енді бұл көрсеткішті одан әрі арттыру қолға алынады. Партия шағын және орта бизнес арқылы жылына кемінде 500 адамды жұмысқа тартпақ. 2027 жылға дейін кәсіпкерлік субъектілерінің санын 61 мыңға жеткізу көзделген. 300-ден астам кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсетіледі.

«ОралТазаСервис» компаниясының өкілдері кадр мен сұйық отын тапшылығы барын айтты. Кәсіпорын жұмысшылары ала таңнан қара кешке дейін қаланы қоқыстан тазартады. Кездесуде олар партияға сенім артатынын білдіріп, алдағы уақытта еңбек адамдарына қолдау көрсетуді сұрады.

Партияның штаб мүшелері еңбек ұжымына сайлауалды бағдарламаға қатысты үнпарақтар таратып, саяси додада «AMANAT» ұйымына дауыс беруге шақырды.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Байланысты жаналықтар

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

14.09.2023
MalimBlocks
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

Саяси реформалардың жарқын көрінісі