АҚШ Украинаға әскерге шақыру жасын 18-ге дейін төмендетуді ұсынған

Сарапшылар мен әскери блогерлер соңғы аптада Ресей күштері 2022 жылы Украинаға басып кірген кезден бергі ең айтулы табысқа қол жеткізіп, өткен айда Лондонның жартысынан үлкен аумақты басып алды деп мәлімдеді.

Аялдар Күнтуған

  • 28.11.2024

                          Фото: www.undp.org

АҚШ әкімшілігінің бір шенеунігінің айтуынша, Киев шайқас даласында қаза тапқандардың орнын жаңа әскермен толтырып немесе дайындап жатқан жоқ. Украина әскери қызметке шақырылу жасын 25-тен 18-ге дейін төмендету мүмкіндігін қарастыруы керек, деп мәлімдеді сәрсенбі күні АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеунігі. Бұл жайында "Америка дауысы" жазды.
«Қазір адам ресурсы өте маңызды, – деді ол. – Орыстар, шын мәнінде, жылжып келеді, шығыста тұрақты алға ілгерілеуде және Курск облысындағы украин шептерін бұза бастады... Мобилизация және әскер санын арттыру қазіргі шақта жағдайға айтарлықтай әсер етуі мүмкін».

Сарапшылар мен әскери блогерлер соңғы аптада Ресей күштері 2022 жылы Украинаға басып кірген кезден бергі ең айтулы табысқа қол жеткізіп, өткен айда Лондонның жартысынан үлкен аумақты басып алды деп мәлімдеді.

Сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский ұрысқа шақыру жасын 27-ден 25-ке дейін төмендету, 2022 жылдың ақпанында Ресейдің жаппай басып кіруі басталғаннан кейін енгізілген әскери жағдай режимі кезіндегідей әскерге жұмылдыруға болатын бейбіт тұрғындардың санын көбейту туралы заңға қол қойды.

Президент Джо Байденнің әкімшілігі Украинаны қатты қолдайды, бірақ бұл қолдау жаңадан сайланған президент Дональд Трамп қаңтарда қызметіне кіріскен кезде төмендеуі мүмкін. Трамп Украинадағы соғысты тоқтату жоспарын ұсынған отставкадағы генерал-лейтенант Кит Келлогты қақтығыс жөніндегі арнайы өкіл етіп тағайындады.

Владимир Зеленскийдің кеңсесіндегі дереккөз елде әскерлерді қару-жарақпен қамтуға қажетті қаражат жетіспейтінін айтты.

«Дәл қазір біздің әскерлерді жұмылдыру жағдайымызға келсек, мысалы, шақырылған барлық сарбаздарға беретін броньды көліктер жеткіліксіз, – деді дереккөз. – Біз серіктестеріміздің шешім қабылдаудағы және жеткізу тізбегіндегі кешігулерін сарбаздарымыз бен ең кішкентай ұлдарымыздың өміріне айырбастай алмаймыз».

АҚШ шенеуніктері жас әскерлерді жалдау Зеленский үкіметі үшін саяси тұрғыдан сезімтал мәселе екенін мойындайды, ал Украина жастарды ерікті түрде әскери жұмысқа тартуды ынталандыру мүмкіндігін талқылады, деді АҚШ әкімшілігінің тағы бір қызметкері.

Германия Қорғаныс министрлігіндегі дереккөздің хабарлауынша, жабық есік жағдайында Берлин де Киевті әскерге шақыру жасын төмендетуге үгіттеген.

Байден қызметінде болғанша, Вашингтон Киевке жүздеген мың артиллериялық снаряд, әртүрлі қашықтықтағы мыңдаған зымыран, жауынгерлік операцияларды қолдау үшін жүздеген көліктер мен қару-жарақ түрлерін, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін беруді жалғастырады,  – деді ол.

Оның сөзінше, Оқ-дәрілер мен көліктердің тапшылығы Украина үшін ең маңызды мәселе емес. Қазір оларда ұрыс даласында табысқа жету үшін қажетті өмірлік маңызды құралдар, оқ-дәрілер мен қару-жарақтың айтарлықтай қоры бар. Әскерді жаңа сарбазбен толықтырмайынша, майдан шебінде қаһармандықпен соғысып жатқан бөлімшелер демала алмайды, жаттығу жасап және бөлімшені қайта құрылымдау үшін мүмкіндіктері болмайды.

Байланысты жаналықтар

Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

25.02.2025

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

25.02.2025

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

24.02.2025

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

23.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Трамп соғыстың өршуіне Зеленскийді кінәлады

19.02.2025
MalimBlocks
Wall Street Journal: Америка көмектеспесе, Украинада қару-жарақ тапшылығы басталады

Украинада соғысқан Қазақстан азаматы Путиннен көмек сұрады

Еуропа лидерлері таң атпай Киевке келді

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Трамп соғыстың өршуіне Зеленскийді кінәлады

АҚШ президенті Украинада сайлау өткізу қажеттігін қайталап, бұл сайлау ел президенті Владимир Зеленскийдің жағдайын заңдастыруы тиіс деп мәлімдеді.