Арон Атабекті қолдап 2,5 мың адам қол қойған хат президентке жолданды
2,5 мың адам қол қойған саяси тұтқын Арон Атабекті босату жөніндегі хат президентке жолданды. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.
«Қоғамның президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Арон Атабекті бостандыққа шығару жөніндегі үндеуі жіберілді. Хатқа 2,5 мыңға жуық қол қойылды, 377 репост жасалды. Көп рақмет!», - деп жазды өзінің Facebook парақшасында құқық қорғаушы.
Диссидент ақын Арон Атабекке рақымшылық жасау жөніндегі хатқа қол жинау өткен аптада басталған. Бұған дейін Қазақстан Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары түрмедегі Арон Атабекпен кездесіп, денсаулығының нашар екенін айтқан.
Арон Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот оқиға кезінде қайтыс болған полиция өліміне Атабекті кінәлі деп таныған. Құқық қорғаушылар оны «саяси тұтқын» деп таныған.
Арон Атабектің өзі өзін кінәсізбін деп есептейді. Ол осы уақытқа дейін мерзімінен бұрын босату туралы өтінші жазудан бас тартып келген. Соңғы рет құқық қорғаушылармен кездескенде үш жылдан кейін жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан соң, түрмеде отырған жылдары үшін өтемақы төлетуге шағымданатынын мәлімдеген.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Кульгинову подарили тапки, каску и золотую лопату (ВИДЕО)
Акима столицы горожане одарили подарками на митинге против точечной застройки в субботу, 20 августа. Так они хотели привлечь внимание общества к непоследовательному поведению градоначальника, который то и дело обещает решить проблему нехватки социальных объектов. На деле же город активно застраивают многоэтажными коробками, и часто на землях, где ранее планировали школы, детские сады или поликлиники. "Золотая лопата" и строительная каска – намек на коррупционные риски, в связи с тем, что Кульгинов под разными предлогами не соглашается проводить общественные слушания, - решения о застройке акимат принимает кулуарно.